ГлавнаяИсполнителиНеизвестенЖансыз бейне
название:

Жансыз бейне


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 591 просмотр
Жансыз бейне

Жабығам, сені іздеп жалғыздықта,
Сағынам, сағыныш құшағында.
Бағынам, тағдырым не жазса да,
Жалынам, арамызды мүлдем суытпа.
Жалғыз суретіңе қарайлап отырам,
Кеудемде, мың сұрақ ойланып толғанам.
Өткенді еске алам(өткенді еске алам,мейлі)
Өтсін айлар, өтсін жылдар,
Сонда да жүрек, өзің деп соғар.
өзің деп соғар,мендегі жүрек.

Қайырмасы:
Жансыз бейнеңе, қараймын сағына,
Сұлу жүзіңе.
Неге, кеттің жауапсыз,
Бұл қатал тағдыр, неге аяусыз.

Жетерлік, болды тоқтат,
Сапасыз сан сұрақты.
Керегі жоқ сырғудың,
Өмір қалайды шыдауды.
Айналдың көз айымға, алдымнан бейнең кетпей,
Саған өртенді сезім, өшер өшпесін білмей.
Болдың ғой жарық күндей, өшпестей жанып тұрған,
Кенеттен сәуле шашып, құтқардың қараңғыдан.
Алдымда жалғыз сурет, естелік сенен қалған,
Кейде елесің келіп, (құлаққа сыбырлаған).
Сенсіз келем адасып, түнектен жолды таппай,
Демімді ішке тартып, өткен уақытты ойлай.
Бағаламадым әттең, менсіз өмірің қалай,
Ұмытып кетер едім, егерде болса оңай.
Түрлі ойға батамын, жансыз бейнеңе қарап,
Қарсы тұра аламба, бұл бізге берілген талап.
Ұшы өртенген сурет, ерітті тұла бойды,
Өзіңе алған жүзік, (иесіз қалып қойды).

Қайырмасы:
Жансыз бейнеңе, қараймын сағына,
Сұлу жүзіңе.
Неге, кеттің жауапсыз,
Бұл қатал тағдыр, неге аяусыз.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жансыз бейне" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен