название:
автор:
Жүрегімнің жалынысың
автор:
Неизвестен
рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 842 просмотра
- Текст
- Открытка с текстом
Жүрегімнің жалынысың, Басылмайды сағынышым. Жұлдыздарға көз салдым, жаным, Арманның ақ таңы үшін. Махаббатқа табынамын, Бал сезімге бағынамын. Сен қасымда жүрсең де, күнім, Мен бәрібір сағынамын. Аппақ таңымдай, Асыл жаным-ай Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай, Арман- тілекпіз, егіз жүрекпіз. Мәнгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз. Сағынышпен қауышамын, Сенсіз төзім тауысамын, Өзіңменен асыгып, жаным, Түсімде де табысамын. Аппақ таңымдай, Асыл жаным-ай, Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай Арман тілекпіз,егіз жүрекпіз, Мәңгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз. Махаббатқа табынамын, Бал сезімге бағынамын. Сен қасымда жүрсең де, күнім, Мен бәрібір сағынамын. Аппақ таңымдай, Асыл жаным-ай, Ғашық жандармыз, Қозы мен Баяндай. Арман тілекпіз,егіз жүрекпіз. Мәнгі біргеміз – Төлеген-Жібекпіз.
А как ты думаешь, о чем песня "Жүрегімнің жалынысың" ?