ГлавнаяИсполнителиЕрнар АйдарСаған қарай...
название:

Саған қарай...


автор:

Ернар Айдар


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 775 просмотров
Саған қарай...

Мен бұл күндері іздесем де таппаймын,
Махаббаттың кім өртеген қамалын.
Білесің бе сен, жанды қинап сағыныш,
Білесің бе жоқ екенін амалым...

Саған қарай шақырады жол біткен...
Мен расында шын жүрекпен сүйіппін...
Мына өмірде сені мендей кім күткен?..
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...
Мына өмірде сені мендей кім күткен?..
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...

Жүрмін мен жаным, бұл күндері ойланып,
Тағдырымның жазуына байланып,
Кеттің сен қайда, қайда асықтың қарағым,
Кеткенің бе ақ бұлттарға айналып...

Саған қарай шақырады жол біткен...
Мен расында шын жүрекпен сүйіппін...
Мына өмірде сені мендей кім күткен?..
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...
Мына өмірде сені мендей кім күткен?..
Қайдасың сен сағындым ғой сүйіктім...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Саған қарай..." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен