ГлавнаяИсполнителиНеизвестенАқ маңдай құрбым
название:

Ақ маңдай құрбым


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1521 просмотр
Ақ маңдай құрбым,
мақпалдай құрбым
Сағындым Саулем-ай
Ақ таңдай нұрлым,
тапқандай жүрмін,
Бағымды Саулем-ай
 Өрілген бурым,
төгілген нурым,
Ақ ерке Саулем-ай
Өзіңсің гүлім,
ән менен жырым
Жан ерке Саулем-ай
 
Қ-сы:
Ақ жүзі айдай,
мінезі балдай
Сырғалы Саулем-ай,
Бұл өмір қандай,
бір белгі қалмай
Өтеді  даурен-ай,
Жайнаған жаздай,
көңілді қоздай
Барасың Саулем-ай
Аққу мен қаздай,
жұбымды жазбай
Өтер ме даурен-ай
 
Балдырған  шақтан,
Таң кылған тәтті ән,
Қалдырған Саулем-ай
Бал даусың мақтан,
бау-бақша жақтан,
Жанғырған Саулем-ай
Бір журген кезім,
бір нәзік сезім,
Жандырған Саулем-ай
Күлімдеп көзің,
шығар ма ең озін?
Алдымнан Саулем-ай

Қ-сы

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ маңдай құрбым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен