ГлавнаяИсполнителиErnurЖаралы жүрек
название:

Жаралы жүрек


автор:

Ernur


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 896 просмотров
Жаралы жүрек

Бұл оқиға болған еді, ашып айтсам, көктемде,
Өмірімнен сыр шертіп, оралайын өткенге.
Қараңғы кеште бір өзіңді күткенде, 
Күте-күте өзіңді, шыдамым да біткенде.
Хабарласып үйіңе, шығып кетті деді сені,
Қайда жүрсің екен деген сұрақ мазалады мені.
Түр-түрлі ойлар келіп, тарылды іштің демі,
Жол-жөнекей көрдім бауырыммен сені.

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Түк білмегенсіп жағдайды сұрасып жүре бердік,
Бір сағаттай қыдырып үйіңнің маңына келдік.
Екеумізбен қоштасып кіріп кеттің үйіңе, 
Жан жолдас бауырыммен мен де қайттым үйіме.
Үй табалдырығын аттап кірген сәтім сол еді,
Телефонды көтерсем, салқын дауыс сөйледі.
Салқын дауы иесі – менің жалғыз сүйіктім,
Оның көңіл-күйінен бір түсініксіз күйді ұқтым.
Айтқысы келді маған, айта алмады ол сөзін,
Қайта-қайта қозғады меніменен ол өзін.
Әңгімеден әңгіме, ол асып бара жатты,
Қорытынды қойған нүктесі жүрекке ауыр батты.
Телефонға қарасам, SMS келіп қапты, 
Сол SMS мәңгіге сезім есігін жапты.
“Біз бірге бола алмаймыз – мен өзгені сүйемін,
Кешірші, жағдайымды түсін...”

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Жүрегіме менің қанжар қадалғандай күй кештім,
Махаббаттан ойлар қалды, енді ешкімді сүймеспін.
Ұмыттым мен өзіңді, бірақ оңай болмады,
Сенің осы шешіміңе көңілім де толмады.
Жан жолдас бауырымнан мұндай тірлік күтпедім,
Екеуін бірге көргенде көздеріме сенбедім.
Дос деп сенген адамым, жексұрын-ау, сен ба едің,
Құтты болсын ендеше, қарсыласым, жеңгенің.
Дауламайды жүрегім сол күндерді ұмытуға,
Сенің суреттерің жүрегімді менің жылытуда.
Сол бір сәттер, шіркін-ай, қайта оралса деймін,
Арадағы сезімнің біткеніне мен сенбеймін.
Кеше ғана екеуміз жүрген едік бірігіп,
Екеуміздің махаббат қалды жолда сүрініп.
Мен ойлаппын, сүйіктім, боламыз деп мәңгілік,
Махаббатта қосылмайсың – өмірдегі заңдылық.

Қ-сы:
Махаббат – ойыншық емес, ойнамашы онымен,
Жүрегім сыздамашы, қинамашы мені сен.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жаралы жүрек" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен