ГлавнаяИсполнителиТалгат ЖорабаевАнашым [www.ori-kuan.kz]
название:

Анашым [www.ori-kuan.kz]


автор:

Талгат Жорабаев


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 757 просмотров
Адамға сыңар арман
Ғайыптан шығар алдан
Анашым тілеуіңмін
Алладан сұрап алған

Тәрбие-тәлім бердің
«Асыл» деп мәлімдермін
Өзіңе еркелеген
Есімде әр күндерім

Бір өзіңсің бар мәнім
Нұрға толы әр таңым
Білші мама сіздерді
Бақытты ету арманым

Анашым х3
Жан анам оу, мамашым
Анашым

Тәтті еді жұбатқаның
Сыйладың (жұмақ таңын)
Бұзықтық жасасам да
Кешірдің жылатпадың

Ең алыс Меккеге де
Арқалап сені жетем
Өзіңдей жанды берген
Аллаға шүкір етем

Кірлемесін жаулығың
Мықты болсын саулығың
Дейтін ылғи «ау, күнім»
Аман жүрші алдымда

Анашым х3
Жан анам оу, мамашым

Ана, сен мәңгі жүресің күлімдеп
Ер жетсем де маған кенжетай ұлым деп
Менің бала жүрегім сізге тілерім
Жаса ұзақ жаным, ана

Анашым х3
Жан анам оу, мамашым
Анашым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Анашым [www.ori-kuan.kz]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен