ГлавнаяИсполнителиНурым АскановАқ жайық әні (Ак Жайык ани)
название:

Ақ жайық әні (Ак Жайык ани)


автор:

Нурым Асканов


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 855 просмотров
Көп болды Ақ Жайыққа бармағалы 
Көп болды кәусарына қанбағалы 
Көп болды жас сұлудың демін жұтып 
Құрбымен қосылып ән салмағалы 
Гәккулы мекен 
Аққулы мекен 
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Көп болды Ақ Жайыққа беттегелі 
Көп болды атамекен жет дегелі 
Көп болды айлы аспанның аясында 
Құрбыммен алтыбақан теппегелі 
Дүлділді мекен 
Бұлбұлды мекен 
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!
Ақ Жайық сенің орның ала бөтен 
Таппадым теңеу іздеп далаңа тең 
Өзіңе деген ыстық махаббатты 
Өзіммен көрге бірге ала кетем! 
Ұранды мекен 
Қыранды мекен 
Мен сені сағындым ғой, Ақ Жайығым!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ жайық әні (Ак Жайык ани)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен