ГлавнаяИсполнителиНеизвестенКүттің бе гүл қызыңды?
название:

Күттің бе гүл қызыңды?


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1142 просмотра
Күттің бе гүл қызыңды?
Алыстан нұр жүзіңді,
Танимын жаулығыңнан желбіреген.
Құлыным сағындым деп,
Жүрсің-ау жаның жүдеп,
Айналдым жүрегіңнен елжіреген.

Бойдағы барын берген,
Ақ сүтін нәрін берген.
Бақыттың бәрін берген, Аяулы ана.
Үлгі ғой адалдығың,
Қуансын Анам бүгін,
Қымбат қой амандығың, Аяулы ана.

Шаттанып, қуансам да,
Жабырқап, мұңайсам да,
Жағдайын сен түсіндің жан күйімнің.
Болса да өз отбасым,
Отаным ошақ қасым,
Мен сенің бесіктегі әлдиіңмін.

Бойдағы барын берген,
Ақ сүтін нәрін берген.
Бақыттың бәрін берген, Аяулы ана.
Үлгі ғой адалдығың,
Қуансын Анам бүгін,
Қымбат қой амандығың, Аяулы ана.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Күттің бе гүл қызыңды?" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен