ГлавнаяИсполнителиJulik MC x Taka x Askhat Eskeldi 2015Екі ғашық (asa beats)
название:

Екі ғашық (asa beats)


автор:

Julik MC x Taka x Askhat Eskeldi 2015


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 1021 просмотр
Julik MC & Taka & Askhat Eskeldi - 2 ғашық.

Julik MC:

1. Қос ғашық, бір-бірін көруге асық,
Кездесіп, сағыныштарын басып.
Қос аққу секілді бірінен алатын тыныс,
Махаббатарына куә миллион жұлдыз.
“Кінәлі сол қыз” деседі көпшілік,
Білесіз, өсек соңынан ереді өтірік.
Көз бе әлде тиген көпшіліктің тілі ме,
Аз ба еді ғашықтар бұл жолда сүрінген?!
Көп жерде асықтырар ібіліс,
Қыздың әлі көз алдында сол кезгі көрініс.
Көшенің арғы беті аялдама,
Ол кезде өзгеше тіпті ауа-райы да.
Бағдаршам...Қызыл түс... жігіт өтті бері қарай,
Білесіз, ажал келмейді еш уақытта айқайлай.
.....................................көлік қақты жігітті,
Одан бері білсеңіз, 7-8 жыл өтті...

Асхат Ескелді:

Екі ғашық 
Қол ұстасып,
Келе жатыр оңаша...
Екі ғашық 
Қол ұстасып,
Келе жатыр оңаша...

Taka:

2. Күтудемін өзіңнен хабар,
Әттен алыстатып, араны бөлді ажал.
Жо-жоқ мен сенбеймін, елестете алмаймын бұлай болғанын,
Жыл сайын гүл шоғымен біз кездесер орындамын.
Кездескен аялдама түрлі оқиғаға толы,
Екеумізді бөліп жарды өмірдің қиын жолы.
Нақтысын айтсам 7 жыл-6 ай,
Сенсіз әр сәтім өтуде ғасырдай.
Иә сен көктесің, біз үшін кездесу мүмкін емес,
Кездесерміз алда бәлкім, бірақ осы өмірде емес.
Саған тең келмес орныңды басалмас ешкім,
Көңілім қоңыр күз тіпті көктемдегі кеште.
Өзіңсіз қиын түсіме енші енді......
Өзіңмен алып кетші мені....
Тағдыр түсіп араға сенсіз өмір мазасыз,
Шын ғашықтарды махаббат қалдырмаған жазасыз....

Асхат Ескелді:

Екі ғашық 
Қол ұстасып,
Келе жатыр оңаша...
Екі ғашық 
Қол ұстасып,
Келе жатыр оңаша...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Екі ғашық (asa beats)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен