ГлавнаяИсполнителиM.c.XaN.a.k.a.БАРСҚауіпті Мегаполис (Тәуелді)
название:

Қауіпті Мегаполис (Тәуелді)


автор:

M.c.XaN.a.k.a.БАРС


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1289 просмотров
Қараңғы қала көшесі әрине маған таныс
Аш қасқырлар мекені мықты өркендеген табыс
Гопстоп тағы басқасы кіражалық іс әрекет
Әлсіздердің бұл қалада керегі не қажет

Көше зымыстан жоғарыдан қарға ұшқан
Абайла әр қадамнан бас кесер күзетке шыққан
Қиғаштықтан табан тоңған тыныс жұтып бір бұрыштан
Бақытың бағыңды ашса өлімнен шығарсың аман
Жерден көтерілген тұман жолдарда шырақ сөніп
Қолын қысып қорқыныштан жанарынан ажар шөгіп
Тоңған тәнін жылытып бойына қан жүгіртіп
Дыбыс шықса шыңғырып жүрек ұрар дүбірлетіп
Бекінер түкпірленіп басын иіп бетін басып
Өзін сабырға шақырып есірткені аздап тартып
Ойланып көзін жұмып ойы шөңгіді тереңге
Ызгарлы жер үстінде суық тартты тәніне
Тікен сыммен қоршаған қорғанып дұшпандардан
Шайтандай жалмаңдаған есітіп түрлі дастан
Шегініп ішкі істерден көшеде таң аттырған
Қаруды қолданып құтылған тығырықтан
Дыбыс естілер алыстан қауіпті қалада
Теңселіп әткеншектей қуыршақ болды қармақта
Бейімделіп шариғатқа мейірім жоқ жұдырықта
Көше жасаған заңдарға бағынады барша
Төтеп беріп қиындыққа өміріңмен арпалыс
Қадам болсада жаңылыс үзілмесін жалынамыз
Сынақ алаңдағы жарыс күндерің үлкен сайыс
Жасап жатқан өмірде бәріміз миманбыз

Төрелердің тілі қарыс қалтасы кең дорбадай
Белін бүгіп бұл тартпай заңмен қалта тонағандай
Реалисттер сөз таппай майданды шеттеп қашқандай
Шыңда өскен қырандарға заң алыстағы шалғай

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қауіпті Мегаполис (Тәуелді)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен