ГлавнаяИсполнителиНеизвестенХай ай
название:

Хай ай


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1459 просмотров
Хай ай
Хай ай

Өз жүрегін жаралай,
Тең сүйігін таба алмай,
Шамасына қарамай.
Сүйем деді ойланбай,
Мүлдем жасын ойға алмай,
Ерте есейіп қойғандай.

Неге олай гүлім,
Боласыңба әлім.
Сезім жанса бүгін,
Көтер өмір санын.
Үміт болар ертен,
Кездесер бір көркем,
Мен емес бір еркең.

Қ-масы:
Хай ай жаным түсінем бәрін бәрін,
Хай ай жаным қиналды-ау ғашық жаның,
Хай ай жаным шамаңнан білсең әлін,
Хай ай жаным кетірме сезім мәнін.

Хай ай
Хай ай

Жас көрінсе көңілім,
Бақыт сүйген өмірім,
Анық менің сенімім.
Ертегідей әлемім.
Жазылғандай бар емім,
Жадыраған жан едім,

Мазамды алдың жаным,
Таба алмай тыным,
Әлі жассың гүлім
Артық бұл арманың,
Тыныш еді түлім,
Шамаңды біл әлің
Бақытты бол жаным. 

Қ-масы:
Хай ай жаным түсінем бәрін бәрін,
Хай ай жаным қиналды-ау ғашық жаның,
Хай ай жаным шамаңнан білсең әлін,
Хай ай жаным кетірме сезім мәнін.

Хай ай
Хай ай

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Хай ай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен