ГлавнаяИсполнителиAldaspanАлдаспан (Bonus track)
название:

Алдаспан (Bonus track)


автор:

Aldaspan


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1082 просмотра
Бекіген мықтап жүректен
Отаным қазақ даласы
Намысын дәйім ту еткен
Біз алаштын баласы

Домбыра зарын төгеді
Күй асыл бізге, жыр асыл
Көркейткіміз келеді
Бабалардың мұрасын

Ақыл, білім, сана, ерлік, даналық,
Бірлік, еңбек, жігерлік пен сабырлық
Осы болсын қайратыңа ар дастан
Осы болсын қолыңа ұстар алдаспан

Темір үзер қылыштың
Аты болар Алдаспан
Бұл заманда ырысың
Білім болар, жарасаң

Ез болады қашанда
Қылышын сене сермеген
Ойлылар мына заманда
Іліммен бәйге бермеген

Ақыл, білім, сана, ерлік, даналық,
Бірлік, еңбек, жігерлік пен сабырлық
Осы болсын қайратыңа ар дастан
Осы болсын қолыңа ұстар алдаспан

Елін сүйген батырлар
Отанын жаудан қорғаған
Елін сүйген ақындар
Бірлігін жұрттың жырлаған

Иттер тойған жерінде
Ерлер туған жерінде
Тоқшылыққа құл болсаң
Оранар ордаң кебінге

Ақыл, білім, сана, ерлік, даналық,
Бірлік, еңбек, жігерлік пен сабырлық
Осы болсын қайратыңа ар дастан
Осы болсын қолыңа ұстар алдаспан

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Алдаспан (Bonus track)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен