ГлавнаяИсполнителиНеизвестен1.Сағындым сағым уақыт
название:

1.Сағындым сағым уақыт


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1582 просмотра
1.Сағындым сағым уақыт
Табатын жаным бақыт
Балалық ұяның
Қарлығаш қиялың
Еске алып тербелемін
Жұлдызын көгімнің
Бақытын өмірдің
Аңсаумен мен келемін

Қайырмасы:
Сағым жылдар,cағым жылдар
Сен де бір арман
Сен де бір жалған
Сағыныш-ай, сағыныш-ай!
Сенімен бірге
Толқиды жаным менің

2.Сағындым, сағым күндер,
Сағынсам, жаным гүлдер.
Өмірдің көшінен
Мен, бәлкім, кешігем,
Сағынып, кеш қалармын.
Балалық көктемім,
Қарайлап өткенін
Аңсаумен еске алармын.

Қайырмасы:

3.Сағындым сағым жылдар
Өттің-ау ағып, жылдар
Баладай алаңсыз
Баянды, баянсыз
Тағдырға бағынумен
Оралып келе алмай
Қимастан көре алмай
Күн кештім сағынумен

Қайырмасы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "1.Сағындым сағым уақыт" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен