ГлавнаяИсполнителиТолкын ЗабироваҚамажай
название:

Қамажай


автор:

Толкын Забирова


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1337 просмотров
Басында қамажайдың бір тал үкі
Айрылып қамажайдан болдым күлкі
Айрылып қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі

Ахау хайлилайым, лилилайым,
қамажай қалдың кейін сәулетайым

Қолында қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сізіп
Кірмесе жарта сағат тура алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер өзіп

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын
Үш топтан таңдап алған қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Мал жақсы жылғы деген бағып жүрсе
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе
Ішінен бір жорғаны тағдап мініп
Аулына қамажайдың барып жүрсе

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдң кейін сәулетайым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қамажай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен