ГлавнаяИсполнителиНеизвестенБасында қамажайдың бір тал үкі
название:

Басында қамажайдың бір тал үкі


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1211 просмотров
Басында қамажайдың бір тал үкі
Айрылып қамажайдан болдым күлкі
Айрылып қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі

Ахау хайлилайым, лилилайым,
қамажай қалдың кейін сәулетайым

Қолында қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сізіп
Кірмесе жарта сағат тура алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер өзіп

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын
Үш топтан таңдап алған қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым

Мал жақсы жылғы деген бағып жүрсе
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе
Ішінен бір жорғаны тағдап мініп
Аулына қамажайдың барып жүрсе

Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдң кейін сәулетайым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Басында қамажайдың бір тал үкі" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен