ГлавнаяИсполнителиҒалымжан МолданазарҚалалық Ақ Қыз
название:

Қалалық Ақ Қыз


автор:

Ғалымжан Молданазар


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 937 просмотров
Жұпарлы иіс су 
Бұрыннан таныс маған,
Сүйкімді және қу
Көздерің қадалған.
Майысып шыбықтай
Қылығымен арбаған,
Көркіменен дуалаған,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Тәкаппар мінезің
Жүзіңде анық ойнаған,
Бетіңнің пердесі
Сәт сайын ауысқан.
Қауіпті жақындау
Батылым жетпей жүрмін-ау
Әуреге мені салдың-ау,
Қалалық ақ қыз!

Аспаннан жұлдыз терейін,
Айды да алып берейін,
Еркіңе сенің көнейін.
Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым,
Қалалық ақ қыз!

Ұғынып әр кез қолдайын,
Батырың болып қорғайын
Жақындау саған бір уайым...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қалалық Ақ Қыз" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен