ГлавнаяИсполнителиKaliyaaСәби болғым келеді [x-minus.org]
название:

Сәби болғым келеді [x-minus.org]


автор:

Kaliyaa


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1548 просмотров
Құс та болғым келмейді қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Бұл өмірден хабарсыз жаңа туған.

Тар бесігі — кең жаһан, тарылмаған,
Біреуге бар, біреуге табылмаған.
Сәби болғым қеледі, сәби болғым,
Ана сүті аузынан арылмаған.

От та болғым келмейді жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе, жылыныңдар.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Күн сәулесі ойнаған тұлымымда.

Қанат қағып өмірге ұшарымда,
Кесілмесе бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым,
Сәбиі жоқ ананың құшағында.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сәби болғым келеді [x-minus.org]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен