ГлавнаяИсполнителиАлтынай ЖорабаеваШынарым (жана нуска) [www.kazmusic.kz]
название:

Шынарым (жана нуска) [www.kazmusic.kz]


автор:

Алтынай Жорабаева


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1198 просмотров
Даланың гүлдері шешек жарған
Өзіңді аңсатып барады
Көктемдей жайнайды асыл арман
Дел-сал ғып самалдың шарабы
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған

Аяулым қыз боп сен тумасаң
Алтын таң ағарып атпастай
Аяулым күлімдеп сен тұрмасаң
Аққу да сыңарын таппастай
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған

Қаздарда барады қосақтанып
Қарлығаш қуалап сыңарын
Билейді гүлдер де шашақтанып
Қайдасың сен менің шынарым
Өмірдің сәні не сен болмасаң
Әнім боп шырқайсың сен қашан

Қайырмасы:
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Әлде сен жырмысың еркелеп жүрмісің
Сырмысың жүректі шарпыған
Сырмысың жүректі шарпыған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Шынарым (жана нуска) [www.kazmusic.kz]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен