ГлавнаяИсполнителиНұржан ҚалжанҚара бауыр қасқалдақ (Сөзі: Есенғали Раушанов)
название:

Қара бауыр қасқалдақ (Сөзі: Есенғали Раушанов)


автор:

Нұржан Қалжан


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1514 просмотров
Қара бауыр қасқалдақ, қайда ұштың пыр-пырлап?
Сазың қалды сәбидің еңбегіндей былқылдап.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Өз босағаң - бұл жердің тауы, қыры, белесі,
Босағасын басқаға тастай ма екен, о, несі.
Қара бауыр қасқалдақ, кері қайт,
Сиреп қалған тоғайға «қамықпа» деп көңіл айт.

Ұя қалса иесіз - айдын үшін сол қайғы,
Қаңғып келген шүрегей көлге пана болмайды.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қара бауыр қасқалдақ (Сөзі: Есенғали Раушанов)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен