ГлавнаяИсполнителиАйжан ТабаракЖазықты
название:

Жазықты


автор:

Айжан Табарак


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1278 просмотров
.ЖАЗЫҚТЫ

Мен оны сүймедім бе, кім біледі,
Көңілге алданыш қып жүрдім нені,
...Есілдің жағасында жанарымен
Сол күні ұзатып сап тұрды мені...

Жаңбыр күткен Арқаның даласындай,
Сыздап тұрған жанымның жарасын-ай,
Жақсы көре алмадым...
Баяғыдан 
бітуі керек еді, бәрі осылай...

Неғып жүрдім, білсем де бар кінәмді,
Арым талай бұл үшін жазғырады.
Сен сондай тап-тазасың, сеземін ғой,
Бағыңды жолықтырар, Тағдыр әлі. 

Ештеңе жоқ... ештеңе, торығардай,
Сен ақылды едің ғой, соны ұғардай...
Бәлкім, жылдар өткен соң ұл-қыздарың,
Бір ақынның өлеңін оқып берер,
Өтіп кеткен өмірден, жолы болмай...

Сол кезде құлазыған күй кешерсің,
Санаңды бурыл мұңға билетерсің,
... ештеңе етпес,
Мен бәрібір бақыттымын,
Бақытты болмағандар, кімге сенсін! 

Мен сені сүймедім бе, кім біледі,
Көңілге алданыш қып жүрдің нені,
...Есілдің жағасында жанарыңмен,
Сол күні ұзатып сап тұрдың мені...

... Кім біледі.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жазықты" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен