ГлавнаяИсполнителиKuKa mC [Ақұдай Отбасы]Ақ пен Қара [EVP RECORDS]
название:

Ақ пен Қара [EVP RECORDS]


автор:

KuKa mC [Ақұдай Отбасы]


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1522 просмотра
Уақыт өтіп барады мүмкін емес тоқтату
Жастар үйленуде ал кейін ажырасу
Қамшының сабындай өмір тым қысқа 
Сен үшін бәріне дайын ол тек қана Ана
Ана әке жаныңа демеу болады
Досың сүйгеніңмен салыстырма оларды
Қараңғы көше тоналып жатқан адамдар
Бір ғана айтарым уақытты бағалаңдар
Ғаламтор өлтірді қызығын балалық шақтың
Қазыргы жастар көруде азабын махаббаттың
Көргенімді жазамын шындықты айтам бетке
Ақын шабыты өлген алыстап барат рэптен
Инфарктпен инсультқа шалдыққандар қаншама
Кез келген адам қарайды қалтаңдағы ақшаңа
Тоқтатпа талпынуды сонда жеңіске жетесің
Бақытты кез көз алдыңда анаң сүйсе немересін

Жаманатқа қалғаның жоқтығы тәрбиенің
Көрдім мен талай адамның өмірден түңілгенін
Ішімдікке салынып Алладан көмек сұрайды
Өзін жұлдызға теңейтін адам бірінші құлайды

Асығып барамын бырақ қайда білмеймін
Күтпеген жерден бақыттың келетініне сенбеймін
Бырақ күтемін неге, неге ғажайып сәтті 
Қайта оралғым келеді сағындым балалық шақты
Жаманы жалғыз қалғаның қиын сәтте қиналып
Ақын шабыты өлген келмейді жатсада ойланып
Уақыт қана күтпейді тоқтатып қойсаңда сағатты
Теңедім өзімді жұлдызға әттең көзімше ақты 
Тілдің ұшында боғауыз шыққан әрбір сөздерде
Әдетіпті ұстап өзімді қыздардың көзінще
Жаныңда жүр жақсы адам тек оны тапсаң болғаны
Арманымды жаздым параққа өртенді дымы қалмады
Несіне жасырамын шындықты айту керек 
Өмір сүру қиын бәріне шыдау керек

өмір сынаққа толы мұңайма қиын сәтте 
талпын бақытқа келеді деп күтпе
Өмір ақ пен қара 
Уақыт өтет те кетет
Барыңды бағала 
Өмір біррет берілет

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Ақ пен Қара [EVP RECORDS]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен