ГлавнаяИсполнителиМейрамбек БесбаевАлланың бары ақиқат(терме)
название:

Алланың бары ақиқат(терме)


автор:

Мейрамбек Бесбаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1217 просмотров
Алладан басқа жоқ тәңір
Мұхаммед (с.ғ.а) оның елшісі
Оқысаң құран тәп тәуір
Жаныңның жалғыз емшісі
Адамның бәрі жат бауыр
Заманның сол ғой кем тұсы
Болуы қиын хаққа құл
Ібіліс болса көршісі ей
Жер бетіндегі көп қабір
Пенденің алған елшісі

Құлдыңда құлдан несі артық
Нәпсісін түгел тиса артық
Намазын оқып бес уақыт
Иманын кәміл жиса артық
Қиямет күні құлдым деп
Алланың өзі сүйсе артық
Жәннәтта ғұмыр кешерсің
Қөңіліңде сонд күй шалқып
Анаңның аппақ сүтінен
Жұмақтың жұпар исі аңқып

Алланың бары ақиқат
Танитын соны ілім бер
Лә иләха деп жас ұрпақ
Намаз бен хақтың нұрын көр
Пайғамбар салған ізбенен
Жаңылмай жолдан жүріңдер
Тұрағың болған жалғанда
Жұмағың болмас жұмыр жер
Тіршілік еткен пендеңе
Құлшылық етер ғұмыр бер

Өкінішті мынау өмірде
Тарамда тарам жол болар
Біреудің тасып мерейі
Біреудің бағы кем болар
Алланың олда сынағы
Ойлаған соны жөн болар
Есіктен кірген басыңның
Алатын орны төр болар
Бесіктен шыққан басыңның
Баратын жері көр болар

Құранның сөзі қасиет
Пайғамбар сөзі өсиет
Күдеріңді үзбе құдайдан
Көрсеңде қайғы қасірет
Бабалар өткен бахадүр
Иманы жалғыз досы боп
Ізгілік жолын іздеген
Бұйрығы хақтың осы деп
Кіршіксіз ғұмыр кешуді ей
Бізгеде алла нәсіп ет....

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Алланың бары ақиқат(терме)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен