ГлавнаяИсполнителиАрман ҚұдайбергенБолмасын соғыс, болмасын
название:

Болмасын соғыс, болмасын


автор:

Арман Құдайберген


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1408 просмотров
Болмасын соғыс, болмасын...

Аға-іні бір-бірімен қас болмай,
Адам менен адам ұлы дос болғай.
Бейбітшілік мәңгі болсын әлемде,
Қой үстіне жұмыртқалап бозторғай.

Қарттың сөзі том-том кітап, тағылым,
Ата көрсін немересі бәрінің.
Ана көріп баласының қызығын,
Бала көріп өссін әке тәлімін.

Өрімдейін жастар жүдеп, солмасын,
Ерлер елін мылтықсыз-ақ қорғасын.
Сұм соғыстың сезінбесін зардабын,
Еш қазақтың көзіне жас толмасын.

Аналар жесір қалмасын,
Балалар жетім қалмасын.
Тыныштық мәңгі орнасын,
Болмасын соғыс, болмасын...

© Арман Құдайберген #АҚ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Болмасын соғыс, болмасын" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен