ГлавнаяИсполнителиНұрлан ӘбіловАққулар
название:

Аққулар


автор:

Нұрлан Әбілов


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1413 просмотров
Аққулар барады ұшып,
Қиқулап төбеміздеy.
Аспанды әнмен тербетіп.
Жастық-ай барады өтіп,
Тілдеспей неге бізбен?
Күн санап көңіл ер жетіп.
Сағыныш сансыз көлдеген
Сағынған, жаным шөлдеген.

Аққулар!
Ауылға сәлем айт
Мені бір келеді деп
Бауырға сәлем айт
Менің аққуларым!

*******************************

Бәрі де тұр есімде
Әр кезім бала күнгі.
Қайталап оралып келмес.
Аққулар көресің бе
Мен сүйген дала көлді.
Көзімде мәңгілік елес.
Сезім де сенде оянған
Сенімен бар ғой ой арман.

Аққулар!
Ауылға сәлем айт
Мені бір келеді деп
Бауырға сәлем айт
Менің аққуларым!

***********************

Сағыныш сансыз көлдеген
Сағынған, жаным шөлдеген.

Аққулар!
Ауылға сәлем айт
Мені бір келеді деп
Бауырға сәлем айт
Менің аққуларым!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Аққулар" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен