ГлавнаяИсполнителиМ.БеспаевСен үшін жаралғандаймын.
название:

Сен үшін жаралғандаймын.


автор:

М.Беспаев


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1462 просмотра
Жете алмай саған тіл қатып,
Жүректің мұңын тыңдатып,
Сағыныш болып кеудемде,
Таба алмай емін бұл уақыт.

Өртеңген сезім бойымда,
Қанымды қызу тулатып.
Жаныңнан бір сәт табылсам,
Мен үшін сол да бір бақыт.

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.

Теңіздей тулап тамырым,
Таусылды төзім, сабырым.
Жанымды менің шөлдетпе,
Нұрыңды төкші, жарығым.

Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің, дәруім.
Сүйумен өтсем өмірден,
Арманым бар ма, аруым?

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын.

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын.

Зырғумен өтер сағым жыл.
Оралмас қайта шағың бұл.
Жылуын аңсап сезімнің,
Жаураған менің жаным жүр.

Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр.
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем, сағындыр.

Жанымды тербеп балдай мұң,
Әнімді саған арнаймын.
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын

Құс болып ұшып самғаймын,
Іздеуден сені талмаймын.
Мүлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен үшін жаралғандаймын." ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен