ГлавнаяИсполнителиNasr aka TabynaiIнiм
название:

Iнiм


автор:

Nasr aka Tabynai


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 975 просмотров
| - Devle time

Неге ояу жатсың інім, кім сені мазалаған.
Өзіңе сыймай баратсаң, шығып кел таза ауаға.
Өзіңді жазалама, ол қызды ойлап қайтесің.
Көзіңді жұмда ұйықта, әр адам түсінет қатесін.

Менде танытқам әкесін, кезінде талай қыздың.
Орнымен тайраңдадым, бұзатын жерде бұздым.
Сызатын жерде сыздым, сезім арасында жүздім.
Жүрген жеріңе сақ бол, еш қашан қалмасын ізің.

Күнде оған хат жазасың, аңгіме айтып мыжисың.
Бойындағы кемшілікті, ақылға салып түзейсің.
Айналшықтап не жейсің, түсінігі жоқ қырсық қыздан.
Ондай қыздан бақыт күтпе, көңіл-күйдің бәрін бұзған.

Жасың болса он екіде, әлі асықпа үлгересің.
Күтеді қанша жылдар, қызықтың түрін көресің.
Біреуді құлай сүйесің, күйетін кезде күйесің.
Бұйырған бақ іздеп табат, өзінің лайық иесін.

Vocal:

Өмірің алдыңда ештеңеге асықпа.
Бәріде орнымен тағдырың қырсықпа.
Барлығы өткінші, өтсінде кетсінші.
Сол бір жан түсініп, жасын көл етсінші.
Кеткесін келмеске, айналып елеске.
Кімді-кім іздері, түсінікті емеспе.

|| - Devle time

Бұл өткінші сезімдер, боз балалық жасыңдағы.
Еш уақытта түңілме, тағдырыңа бас ұрмағын.
Берекеңді қашырмағын, сырларыңды жасырмағын.
Ішіңе сыймаса айт, қашанда мен қасыңдамын.

Сенімді бол өзіңе, мазасызданып қамықпа.
Жігеріңе мығым бол, мүлде әлсіздік танытпа.
Тік ұстағын еңсеңді, биікке өрлеп қалықта.
Сүріндірседе өмір, сабыр сақтаудан жалықпа.

Білгенің ішіңде болсын, сырыңды айтпа досыңа.
Досың айтар досына, сөздерің шығын босына.
Керегі саған осыма, тек жақын деп бағалағын.
Жылы сөйлегеннің бәрін, жан ашыр деп санамағын.

Ақыл ойды саралағын, өмірден үміт күтпе.
Қол қуырыс қарап отқан, жат қылық жігіттікке.
Биіктен биіктікке, барыңа шүкірлікде.
Жетіп ал дегеніңе, сезімге қойып нүкте.

Автор: Наср Табынаев

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Iнiм" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен