ГлавнаяИсполнителиНеизвестенМен келем тау ішінде түнделетіп
название:

Мен келем тау ішінде түнделетіп


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1412 просмотров
Мен келем тау ішінде түнделетіп
Аймақты күңіретіп өлеңдетіп
Астымда ақ боз атым сылаң қағып
Жалтақтап, құлақтарын елеңдетіп

Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Ән салдым есіп майда, жаяулатып
Ырғалтып шырқап, толғап, баяулатып
Толқынды мың құбылған әнімді естіп
Тыңдарсың кірпік қақпай ояу жатып

Ақ боз ат - менің тұлпарым
Шалқыған көңіл сұнқарым
Көкірек керіп жұттым мен
Ауаның жазғы жұпарын
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Ақ боз атым - қояндай
Еркелеп басар аяндай
Тербеді даусым ауаны
Даңылдап қалқып баяулай
А-ай, сүмбіл шаш
Тәтті сөзің, қара көзің
Білгейсің келгенімді жалғыз өзің

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мен келем тау ішінде түнделетіп" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен