ГлавнаяИсполнителиАламан тобыБағалайық бақытты
название:

Бағалайық бақытты


автор:

Аламан тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1476 просмотров
Балғын-дәурен, балауса кезің қандай 
Гүл бағында балқиды сезім балдай 
Құрбым осы бақытты сезіне алмай 
Кейін алып жүрмейік кезіге алмай 

Қайырмасы: 
Жүрегімде махаббат ән тербетер 
Бағалайық бақытты жан тербетер 
Мұңға батып қалмасын көңіл бекер 
Оралмайды жан-құрбым - өмір өтер 

Ешкім бізге аяулым бал ашпайды 
Қалауына жүректің таласпайды 
Жүрек үнін тыңдаған адаспайды 
Ешкімге де жалғыздық жараспайды 

Қайырмасы. 

Арманның мекені, алыстап кетеді 
Жастығың өтеді қас-қағымда 
Бағың бір таймасын, көңілің сайрасын 
Өмірің жайнасын жас шағыңда

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Бағалайық бақытты" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен