ГлавнаяИсполнителиКанат УмбетовКыздар-ай
название:

Кыздар-ай


автор:

Канат Умбетов


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1528 просмотров
Қызғалдақтарым – қарындастарым,
Жаза алмай жүрген жалын дастаным.
Жанартау болып жарылды кеудем,
Жүректің әлди-әнін бастадым.
 
Қайырмасы:
 
Еліктірдіңдер-ау елікпеген ем!
Желіктірдің-ау желікпеген ем!
Әттең-ай, әттең, жүрегім – жалғыз,
Бәріңе бірдей бөліп берер ем!
 
Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен,
Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен.
Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,
Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.
 
Қайырмасы.
 
Ақ қанат ару арманбысыңдар,
Жанымды жаулап алғанбысыңдар?
Сыланған әсем аққуымсыңдар,
Аспан көгінде самғап ұшыңдар!
 
Қайырмасы.
 
Бәрің де ойлы, ақылды едіңдер,
Бәрің де әнші, ақын едіңдер.
Сезімнен қимас сергелдең болдым,
Соншалық жанға жақын ба едіңдер?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кыздар-ай" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен