ГлавнаяИсполнителиG-Staz(Нұржан)Қаңсыраған рух...(battle_9_rd6 vs Aika)
название:

Қаңсыраған рух...(battle_9_rd6 vs Aika)


автор:

G-Staz(Нұржан)


рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1279 просмотров
Әке...
Кешір мені,он сегіздің төсіндемін.
Көзіңменен бір қарасаң көрінеді бетімде мұң.
«Қайдасың?» деп сұрасаң, биік таудың шетіндемін,
Тұрмын тағдырыма қарап төмен қарай секіргелі...

Сені іздеп,
Шайқалады теңіздер.
Біз екеуміз біле білсең тағдырлары егіздер.
Арманым мол білем,мен ертең жол жүрем,
Алысқа...
Бәлкім ғарышқа,
Бірақ көндігем...

Өлім – шытырман,иттей құтырған,сені де әкетті ме?!
Адамдар тойға ұстар жыртылған пакетті де...
Келіспеске шарам жоқ,өткеніме налам көп,
Қиындық салфеткідей...
Жыртылар!
Мен өрлейтін күн туар.
Солдатың болайын сенің алға қарай ұмтылар.
«Тозақ» дейтін бір қыз келіп,болды маған көңілдес...
Жаудың жанын жерге таптар,жауынгермін жеңілмес.

Қ-сы:
Жауынгермін,мен жауынгермін.
Қазақ боп туылғандардың бәрін бірдей бауыр дермін!
Қаңсырасам да ұлт қамын жермін.

2-ші куплет:
«Өмір деген - өлімнің бітпей қалған процесі»,
Бұл сөзіме қарсы келмейді ешқандай профессор!
Сырым ақтарылған,өтпес жатқа дұғам,
Сөз танымас сорлылар бар,Тәңір сақта бұдан!

Көрі құбылған,көрмей өлі туылған,
Қаншама сәбиің бар,өшпейді өлім өрті бұдан...
Бірақ бұл ештеңе емес,бөгет болмас жортуыңа,
«Рухыңның қаңсырауы»,себеп қорқуыңа...

Бұл да бәлкім білместік,қорқау болып күн кештік...
Болмаса егер үндестік,өтеміз бе күнде өстіп?!

Айтам жалпыға... Тасып шалқыма!
Тәубеңе түс,есіңді жи да,кел адамдық қалпыңа.
Қараңғыға алмастырдық күнді міне,
Ұялас күшіктер де,өскен кезде үреді екен бір біріне...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қаңсыраған рух...(battle_9_rd6 vs Aika)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен