ГлавнаяИсполнителиШYNGYSСуйдим сени жаным
TOP песен исполнителя
"ШYNGYS"
    название:

    Суйдим сени жаным


    автор:

    ШYNGYS


    жанры: rap, hip hop, kazakh, kazakhstan
    рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 658 просмотров
    8 наурыз
    
    Қандай қатал тағдыр-ай,
    Бақыт ұшты сағымдай.
    Болғаным-ай сормаңдай,
    Ақиқатты танымай.
    Сені күнге баладым,
    Сені айға баладым.
    Cезімімді жырладым,
    Бірақ бағаламадың.
    Сен менен алыстадың,
    Сен мені қаламадың.
    Жүректі жараладың,
    Бар ма енді амалым?
    Наурыз айдың сегізі,
    Бүгін жүрек езілді.
    Жүрегімнің көз жасы,
    Қара жерге төгілді.
    
    Қайырмасы:
    Тұрмын сенің аулаңда,
    Бір букет гүл қолымда.
    Бірақта сен шықпадың,
    Қылығыңды ұқпадым.
    Қолымдағы гүлдерді,
    Терезеңе қыстырдым.
    Наурыз айдың сегізін,
    Енді мен жек көремін.
    
    Сегізінші наурыз келіп қалыпты ғой,
    Осы күні менің жүрегімде той.
    Себебі бүгін көремін аяулымды,
    Сыйлаймын гүлдерді, оған жүрегімді.
    
    Терезеңе қарап, мен тұрмын аулада,
    Қобалжып, жалтақтап жан-жағыма.
    Қасымдағы достарым тұр мені қолпаштап,
    Ал мен... терезеңе қарап...
    
    Тұрмын аулада қолымда раушан гүл,
    Мен үшін қуанышты күндердің бірі бұл.
    Алайда, бірақ сен шықпадың,
    Бұл қылығыңды жаным-ау ұға алмадым.
    
    Сыйлығымды, гүлдерді терезеңе қыстырдым,
    Күрсіндім де... кетіп қалдым.
    Бірақта үміттене артыма қарадым,
    Бәрібір, бәрібір, сені көре алмадым.

    Послушать/Cкачать эту песню
    Mp3 320kbps на стороннем сайте
    Это интересно: ШYNGYS – Қазақстан Хип-Хопындағы ең беделді тұлғаларының бірі, рэпер, продюсер. Өзінің бесаспаптығымен, яғни универсалдығымен ерекшеленеді. ШYNGYS тек бір стильмен шектелмей орындау мәнерін тұрақты түрде алмастырып тұрады. ШYNGYS барлық стильдерде оңай өнер көрсетеді, яғни олдскул, ньюскул, R’n’B хардкор және т.б.Сонымен қатар Қазақстан Хип-Хопындағы ең беделді Баттл «Official QaZaQ Hip-Hop Battle» шарасының авторларының бірі, тұрақты Әділ-Қазы.«ASH ҚаZаҚ Pro» Тұңғыш Қазақ Хип-Хоп Лэйблінің Көшбасшысы.Алматинский реппер. Входит в состав реп-группировки ASH Kazak Pro.
    А как ты думаешь, о чем песня "Суйдим сени жаным" ?
    2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен