ГлавнаяИсполнителиЖанна ОрынбасароваТерме С Торайғыров
название:

Терме С Торайғыров


автор:

Жанна Орынбасарова


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1484 просмотра
Жүрегім тулап шабасың, 
Жоқты қайдан табасың. 
Уытын жайған сыртыңа 
Оны қайтіп жабасың?

Өртедің десем, отың жоқ, 
Баяғы гүл, күтың жоқ. 
Келтірмейтін жігерге 
Тағдырдан басқа сотың жоқ.

Дүниеде жоқ сүйгенің 
Қасірет, қайғы үйгенің. 
Көрініп тұрған нәрсе жоқ, 
Не қылғаның күйгенің?

Не түсіңе енген жоқ, 
Не қасыңа келген жоқ. 
Емескіді ез көңіл, 
Бірақ әлі сенген жоқ.

Емескіме, теңің жоқ,
Аузыңа татыр жемің жоқ. 
Мыңнан бірі жиһанның 
Мұң ғып шағар жерің жоқ.

Басыңа тас тиген жоқ, 
Көзің перде киген жоқ.
Қанша күйіп жансаң да, 
Сүйгенің бой иген жоқ.

Өзім сүйем, кімде айып? 
Күн өткізем мүңайып. 
Ондай жарды дүниеден 
Таба алмадым қол жайып.

Кім таныды өзіңді, 
Кім білдірді сөзіңді? 
Желе жортып, жел қуып, 
Құр шаршатпа өзіңді. 
Ашсаң — қалдың бәлеге, 
Жұмып кір көрге көзінді. 
Тағдырыңа бойсұнып, 
Салып көр енді төзімді. 
Жібегің тұрсын, оларға 
Ұстатпа, кірлер, бөзіңді!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Терме С Торайғыров" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен