ГлавнаяИсполнителиЗаман тобыСаби бакыты
название:

Саби бакыты


автор:

Заман тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.4 / 1385 просмотров
Бақыттың білмей бағасын
Адасты ма екен анасы
Аң екеш аң да қараусыз
Қалдырмаушы еді-ау баласын
Жетімнің көзі жасты екен
Удан да дәмі ащы екен
Әкенің мұз ба жүрегі
Ананың бауыры тас па екен

Аңсатқан жанды ақ арман
Жас болып аққан жанардан
Сәбидің бәрі бақытты
Болуы үшін жаралған

Жалғанда жалған жалғанда 
Анадан жақын жан бар ма
Арманда ма екен анасы
Жанында жүрген жандар да
Аңсатқан жанға жетем деп 
Жетімдер үйін мекендеп
Қарайлап жүр-ау анасын
Қайтіп бір келер ме екен деп

Аңсатқан жанды ақ арман
Жас болып аққан жанардан
Сәбидің бәрі бақытты
Болуы үшін жаралған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Саби бакыты" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен