ГлавнаяИсполнителиНеизвестенДо ре ми
название:

До ре ми


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.9 / 930 просмотров
До ре ми
1.   Бір сұлуға арнадым бір сұлу өлең,
Кейіпкері кім шыныменен.
Ән жырымның ырғағы сәйкес келеді,
Жүрегімнің дүрсіліменен.

Қайырмасы:
Шалқып көңіл, шаттық үйілсін,
Әсем әуен, татті күйімсін.
Көңіліме түрлі ой салған,
До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін.

2.   Саз төгеді сан түрлі махаббат перне,
Есіміңді атап өткенде,
Сақтаулы тұр жеті әріп жеті өлең болып,
ЖҮРЕК дейтін нота дәптердей

Қайырмасы:
Шалқып көңіл, шаттық үйілсін,
Әсем әуен, татті күйімсін.
Көңіліме түрлі ой салған,
До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін.

3.   Ескендірдің әніндей естілген елге,
Махаббатың ескірмеген бе.
Күмбірлеген кеудемнің сол жағындағы,
Сол дертіңді ешкімге бермей.

Қайырмасы:
Шалқып көңіл, шаттық үйілсін,
Әсем әуен, татті күйімсін.
Көңіліме түрлі ой салған,
До-ре-ми-фа-соль-ля-сиімсін.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "До ре ми" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен