ГлавнаяИсполнителиГаухартас тобыКазагым-ай [www.kazmusic.kz]
название:

Казагым-ай [www.kazmusic.kz]


автор:

Гаухартас тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5 / 964 просмотра
Ұрандап айтып бабасын
Анасындай көріп Алашын
Жауына жаға жыртқызбай 
Батырлықтың білген бағасын
Алыстан қылыш асынып 
Азат еткен байтак даласын 
Сыртқы болып САҚТАРДЫҢ 
Түлегінде түзіп баққанмын
 Жәнібек Керей қолымен 
Қазығымды алғаш қаққанмын
 5 ғасыр салып араға 
Арайланып атқан ақ таңмын-айййййй 
Түркінің тамшы жаңбырымын
 Сақ пенен Ғұнның тағдырымын тараған 
Алуан заман кешкен елмін 
Күш-қуат алып өскен елмін даладан 
Ар-намыс асқақ айбыным деп 
Бірлігім бақыт байлығым деп санаған 
Кешегі Қазақ хандығымның 
Бүгінгі ғажап бір жырымын жаңарған 
Қасым хан болған тарланым 
Есім ханым асқақ заңғарым
 Шамшырақ болып ертеңге 
Тәуке ханым жазған заңдарым
 Абылай қосып басымды 
Орындалған еді арманым 
Арындап алға ұмтылған 
Жүрегінде талай сыр тұнған 
Қылығы таза қыз туған 
Арғымаққа мінер ұл туған 
Бүгінде әлем таныған 
Біз тәуелсіз елміз құлпырған-айаййййййй 
Шабандоз палуан батыр елмін 
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан 
Бабалар айтқан өсиетін
 Бойына қонған қасиетін ұғынған 
Таласқан көкпен байрағы бар 
Құламас берік айбары бар тұғырдан 
Ынтымақ тілек Тәңірімен 
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған
 Халқымыздың пейілі кең даласындай 
Туған жерін аялаған-Анасындай Қазағым-айййййййй Қазағым-айййй 
Салтын сақтар көздерінің қарасындай
 Қазақ деген ел әлемде бар осындай
 Қазағым-аййййййй Қазағым-аййййййййййй Шабандоз палуан батыр елмін 
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан 
Бабалар айтқан өсиетін 
Бойына қонған қасиетін ұғынған 
Таласқан көкпен байрағы бар 
Құламас берік айбары бар тұғырдан 
Ынтымақ тілек Тәңірімен 
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Казагым-ай [www.kazmusic.kz]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен