ГлавнаяИсполнителиСакен Майгазиев & Арай тобыСен [MM599]
название:

Сен [MM599]


автор:

Сакен Майгазиев & Арай тобы


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1469 просмотров
Сағынышты сезім боп 
Жүрегімді бағындырған тек сен 
Шын бақытты кезім боп 
Алып ұшып жаным маған жетсең
Махаббаттың сырын шертем 
Арманымды жеткізейін таңға 
Дәл өзіңдей сұлу, көркем 
Әдемі қыз бұл ғаламда бар ма 

Қ-сы: Аспанға жазайын сенің атыңды Жарқырап нұрлы арайың мені шақырды Аспанға жазайын сезімнің жырын Әрдайым сенің жаныңнан табылам күнім 

Жүрегімде үлпілдеген
Саған деген өзгермейтін сезім, сезім 
Сені сүймеу мүмкін бе екен
Күлімдесе қарақаттай көзің, көзің 
Үн өлеңге айналған 
Іздеп тапқан бақытымның бағын 
Тек өзіңе байланған
Менің саған ғашық болған жаным 

Сүйгенім бүгінде
Айым да, 
Күнім де 
Құлпырған Гүлім де 
Сен, сен, сен 
Күнім де көгімде 
Осынау өмірде 
Жүректің төрінде 
Сен, сен, сен...

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сен [MM599]" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен