ГлавнаяИсполнителиТек сенБаска жан керек емес
название:

Баска жан керек емес


автор:

Тек сен


рейтинг: ★★★★★ / 5.6 / 1551 просмотр
МЕН СЕНІ...

Қарайламай өмір өтер,
Қайран уақыт зулап кетер.
Шын маxаббат кездеспесе,
Болғаны ғой бәрі бекер,
Өмір өтер, бәрі бекер...

Тағдыр бізге сынақ берді,
Көңілін де сұрап келді.
Ақ маxаббат бір жүрекке,
Күліп барып жылап келді.
Сенімімді құлатпа енді...
 
Қ-СЫ:

Мен сені ұмыта алмаймын, жүрегімдесің, 
Ардағым боп сен қаларсың мәңгілікке.
Көңілімдесің, өмірімдесің,
Басқасы керек емес тек сен бол жанымда,
Арай таңым да, сенсің барымда.

Мен сені сағына берем, ызғары бөтен,
Сезім болса жеп барады жүрегімді.
Қызбалық екен, қызғанып өтем,
Басқасы керек емес тек сен бол жанымда,
Арай таңым да, сенсің барымда.

Жүрсе-дағы күдік қылып,
Айыбын да біліп тұрып.
Құдіретті бұл маxаббат,
Мұң қайғыны күліп тұрып,
Жібереді ұмыттырып...

Бір мақсатқа жету керек,
Бірді ғашық ету керек.
Шын маxаббат кездескенде,
Қадіріне жету керек,
Аялап та өту керек...

© Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН #АҚ

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Баска жан керек емес" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен