ГлавнаяИсполнителиСалтанат РапбергеноваПерзент сыры
название:

Перзент сыры


автор:

Салтанат Рапбергенова


рейтинг: ★★★★★ / 5.5 / 1496 просмотров
Дарытқан бойыма қасиетін, 
Асқар тау ардақтым бас иетін. 
Əкешім алысқа жетелейді, 
Өзіңнің ақылың, өсиетің. 
Ойламас баладан басқа уайым, 
Анашым өзіңді бақ санайын. 
Біз үшін төрт бөліп түн ұйқыңды, 
Ағарды таңменен ақ самайың. 
Əкешім-Анашым күн мен айым, 
Үйреткен сөзіңнен үлгі алайын. 
Төрінде даладай пейіліңнің, 
Жайқалған жасыл бақ, 
Жайқалған жасыл бақ гүлі болайын. 
Əкешім таусылмас байлығым сіз, 
Алатау шыңындай айбыным сіз. 
Жанымда жарқырап жүрсең мәңгі, 
Еркелеп өтер ем қайғы-мұңсыз. 
Тербетіп əлдимен өсіріп ең,
Жүректің мейірім бесігімен. 
Анашым өзіңнің ақ тілегің, 
Пейіштің аттасам есігінен.

Әкешім-Анашым күн мен айым,
Көрейін сіздерді бірге лайым. 
Көрікті көктемдей көңіліңді
Жайқалған жасыл бақ, 
Жайқалған жасыл бақ гүлге орайын

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Перзент сыры" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен