ГлавнаяИсполнителиНеизвестенСенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
название:

Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 839 просмотров
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, 
Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. 
Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған 
Шашың сенің — жан баспаған жапандағы қара орман. 

Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара, 
Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма?!
Әсем-басың әп-әдемі, мүсініңе шақ қана,
Шиедейін еріндерің қызарып тұр шоқтана.

Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, 
Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен, 
Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен, 
Бұл ғаламда сенен артық сірә біреу бар ма екен?!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен