ГлавнаяИсполнителиТаңатар ТемірханКел көз айым
название:

Кел көз айым


автор:

Таңатар Темірхан


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 741 просмотр
Аспандағы айда нұрын төкпейді
Жарқыраған күнде нұрын төкпейді
Оттай жанып тұрсамдағы көз айым
Маған сенің жан жылуың жетпейді

Қайырмасы
Кел көз айым кел көз айым
Жабырқатты жанымды уайым
Қайда жүрсің сағындым айым
Кел көз айым кел көз айым

Туған жердің гүлін сен деп жинаймын
Қиялдаймын сен деп жанды қинаймын
Сенсіз бәрін сыйдырғанмен кеудеме
Сенсіз жаным кең дүниеге сыймаймын

Қайырмасы
Кел көз айым кел көз айым
Жабырқатты жанымды уайым
Қайда жүрсің сағындым айым
Кел көз айым кел көз айым

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Кел көз айым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен