ГлавнаяИсполнителиНазарбаев Зияткерлік мектебініңӘнұраны
название:

Әнұраны


автор:

Назарбаев Зияткерлік мектебінің


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 751 просмотр
Назарбаев Зияткерлік мектебінің Әнұраны 

Басталғанда жаңа ғасыр өткелі, 
Бүржарғанда жастығымның көктемі. 
Біздер үшін айқара ашты есігін, 
Елбасының зияткерлік мектебі. 

Өсе берсін мектебімнің өркені , 
Желбіресін ғылым , білім желкені . 
Қанат қаққан өркениет өріне, 
Біз боламыз еркін елдің ертеңі. 

Қайырмасы: 

Білімнің шырыны, 
Ғылымның тұнығы, 
Тәуелсіз елімнің тұғыры. 

Білімнің бесігі, 
Ғылымның есігі,
Ғаламға жетуде, 
Қазақтың есімі, 
Елбасы мектебі. 

Көкжиекке құлашты кең жазайық, 
Ғылым іздеп, білім кенін қазайық. 
Назарбаев зияткерлік мектебі, 
Жаңа ғасыр жаңалығы ғажайып.

Қайырмасы:

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Әнұраны" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен