ГлавнаяИсполнителиМунарланҚазақстан сарбаздары
название:

Қазақстан сарбаздары


автор:

Мунарлан


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1238 просмотров
Шартарапка шарықтаған даңқымыз,
Қуат берген, жігер берген халқымыз.
Бейбітшілік жолында, қару алған қолына
Қазақстан сарбаздарымыз!

Сенім артқан  бізге қала ауылда,
Сенім артқан үлкен кіші бауырлар.
Сенім артқан  біздерге,
Өз бақытын іздеген,
Айдай сұлу әсем арулар.

               Қ-сы
Қыздар, қыздар, ару қыздар.
Сезімдер сөнбесе,
Әскерден келгенше,
Сендер бізді күте тұрыңдар!      (2 рет)

Күркіретіп, күңірентіп аспанды,
Боран болып әуелейді асқақ үн.
Келе жатқан тобымен,
Бабалардың жолымен,
Сарбаздары Қазақстанның!

Сенім артқан  бізге қала ауылда,
Сенім артқан үлкен кіші бауырлар.
Сенім артқан  біздерге,
Өз бақытын іздеген,
Айдай сұлу әсем арулар.

                 Қ-сы 
Қыздар, қыздар, ару қыздар.
Сезімдер сөнбесе,
Әскерден келгенше,
Сендер бізді күте тұрыңдар!        (2 рет)

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Қазақстан сарбаздары" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен