название:
автор:
Саржайлау
автор:
Шамаева ақмаржан уразалиева əсел
рейтинг: ★★★★★ / 5.3 / 1286 просмотров
- Текст
- Открытка с текстом
Жазира, жасыл кілем өрнектеген Туған жерге, дариға, жер жетпеген! Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен! Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем Басқаның жерұйығын неғылайын Жерұйығы өзімнің қасымда екен! Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым Жадырап, жұтайыншы тау самалын Осы еді ғой сағынып аңсағаным Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым Жанымды жырға бөлеп таң атырған Әкем едің ақ таңда жаратылған Төліңнен айналайын жаңа туған! Айналайын еліңнен дара тұрған! Саумал бұлақ - балдай дәрім Салқын самал - баурайларың Саялаған, беу, туған жер Сағындырған, Саржайлауым
А как ты думаешь, о чем песня "Саржайлау" ?