ГлавнаяИсполнителиНеизвестенМінезім бар кей уақыт құдай атқан
название:

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан


автор:

Неизвестен


рейтинг: ★★★★★ / 4.6 / 625 просмотров
Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борандатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?

Көріп жүрмін мінезден көрерімді,
Қыздар менің білмейді-ау өнерімді.
Қыздар менің білмейді-ау ерегіссем,
Төрт бөлмелі үй салып берерімді.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер

Шыдасам да махаббат азабына,
Мен көнбеймін қыздардың мазағына.
Таңдап жүріп үйленем бір сұлуға,
Мінезі сай ақыл мен ажарына.

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Мінезім бар кей уақыт құдай атқан" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен