ГлавнаяИсполнителиKadem (BANDANA)Таза ниеттіме (Vectr Prod.)
название:

Таза ниеттіме (Vectr Prod.)


автор:

Kadem (BANDANA)


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 801 просмотр
Таза ниеттіме

Шаршаса да, күледі, оның жүзі әдемі,
Дайын тез жәрдемі, көрінбейді еркелігі.
Қарап қояды өзі, тартымды жүзі,
Күліп жүр достарымен жақсы өткізіп күнді.
Өзімен өзі тек, артық әңгіме айтпайды,
Мен бір зат сұрасам, көмегін дайындайды.
Қолдары шынтағында, қарайды теледидарға,
Ол өзінше емес басқаларға қарағанда.
Ниеті білінеді алыстан таза екені,
Оған жарасымды жымиып қарап күлгені.
Танысқым келеді, есімің қалай болады,
Сенімен танысуға, ренжіме, батылым бармады.
Сенің түріңнен маған жүрекке жылу барады,
Ешкіммен сөйлеспеші, бекер ішім жанады.
Мүсіндеймін сенің жүзің, ашылды іште сезім,
Осы күнге дейін есімде екі мөлдір көзің.

Неше түрлі мағына «сүйем» сөзінің өзінде,
Біреулерге махаббат көрінеді көзінен.
Ал біреулер сөзімен басқасына сеніммен,
Неше сезім болды менде, махаббат сезілмеген.
Сені көру үшін баяғы жерге барамын,
Мейлі, неше күн өтсе де, күтіп тұрамын.
Себебі жүрегім дүрсілдеп іздейді күнде,
Не істер екенмін қашықтық үш мың болса егер?
Таңғы күннің атысы, кешкі күннің батысы,
Өтеді уайымдаумен өмірімнің жартысы.
Сенің бұған қатысың – келтірсем, көптеген,
Бұрын соңғы сөздері созсам да, жетпеген.
Қайдасың, сені іздеймін, есіңде емеспін,
Жай мен сен үшін түсіңдегі елеспін.
Жалғыздық күйінде өзім де болып шаршадым,
Мен де сүйгім келеді, мен де адам баласымын.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Таза ниеттіме (Vectr Prod.)" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен