ГлавнаяИсполнителиShoXanТүсімде сені көрдім
название:

Түсімде сені көрдім


автор:

ShoXan


рейтинг: ★★★★★ / 4.7 / 660 просмотров
Сағынышым өзіңе, басылмайды неліктен?
Сені ойлап түнімен, түсімде сені көрем...

Қарақаттай көзіңе, айдай әсем жүзіңе,
Ұрланып қарай беремін, әркез сені көргенде.

Көздерің тұңғиық, баурап алдың жанымды,
Сеімім сарқылмас, жүректегі жалынды,
Сездің бе тулаған, тас болған кеудемді,
Сен келіп жібіттің, мұз болған тәнімді.
Жаныма сен керексің, жақын жүрші жүрегіме,
Өзгеремін десең өзгер, тек сезімді өзгертпе,
Бақытым өмірімде, бақ сыйла көңіліме,
Есіміңді сақтадым, жүрегімнің түкпіріне.
Көкіректе қызғаныш, өзгелерге сені қимай.
Сағыныш қинап қойса, сағына жерге де сыймай.
Алыстап кете көрме, жалғыздықтың қамалына
Жалғыз тастап мені сезімімнен алыстама.

Мен сезіндім дәл өзіңнен,
Жұлдыз-айдай жарқ еттің сен.
Жүрегімнің төрінен сен
Орын алдың мәңгілікке.

Сезімнің сыры, сергітіп қойды тағыда.
Қараңғы жанға жанып та келді шамы да.
Үнсіздігімен баурады мені сұлуым,
Жылуын сыйлап үлгерді және жаныма.
Баурадың мені өзіңе сұлу бейнемен.
Көргенде сені, жаным-ау жалын күйге енем.
Сырымды айтам ашыла төгіп өзіңе,
Өзіңе гүлім, өзіңе жалғыз сенгенен.
Көз алдымнан алыстап та кетпейсің.
Сен деп соғатын жүректі қалай шектеймін.
Тосыннан түскен сезімнің сенбе талшығы,
Мейлі кыс болсын жүрегімде сен көктейсің.
Жалыны ыстық сөнбестей жанған өрттейсің.
Сыңғыр күлкіңмен өртейсің жанды, өртейсің..
Әлемнің барлық өрт сөндіргіші келседе,
Мәңгілік менің, сезімім саған сөнбейтін.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Түсімде сені көрдім" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен