ГлавнаяИсполнители97. Ескендір ХасанғалиевЖанарым
название:

Жанарым


автор:

97. Ескендір Хасанғалиев


рейтинг: ★★★★★ / 5.1 / 1140 просмотров
«Жанарым»
Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Б.Тәжібаев

1. Сапар шексем алысқа
Сен жанымнан қалмайсың,
Қиындықтан қалыспай,
Қиялымды жалғайсың.
Мол бақытың жайында
Сырласумен айта алдың,
Қарағай мен қайыңдай 
Қатар тұрып жайқалдық. 

Қ-сы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың,
Сезімдегі жалынсың, 
Басымдағы бағымсың,
Домбырамның үні – сен,
Жүрегімнің жыры – сен, 
Жанарымның, жанарымның
Жанарымның нұры – сен! 

2. Күндіз күлген күнімсің,
Түнде туған айымсың,
Жайнап тұрған гүлімсің, 
Ойға шомған қайыңсың.
Домбыраға тағылған 
Екі ішектей жұптастық,
Үміт алда жағылар
Келешекке нық бастық.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Жанарым" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен