ГлавнаяИсполнителиНұрсұлтан ТалғатұлыТұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем"
название:

Тұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем"


автор:

Нұрсұлтан Талғатұлы


рейтинг: ★★★★★ / 4.8 / 828 просмотров
ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВТІКІ

Сүйеді екем, сүйеді екем сені мен,
Артық көріп көктеменің лебінен.
Сен туралы жырлайды екен құс біткен, 
Махаббатты алып ұшып көгімен.

Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның, 
Ұқсамайды жүрісіне басқаның.
Сенің жайлап үн шығармай күлгенің 
Ұқсамайды күлісіне басқаның.

Сенің көзің қара да емес, көк те емес, 
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес. 
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде, 
Сенсіз жерде қызыл гүл де көктемес.

Сен өзіңсің, сен сезімсің мендегі 
Күмбірлетіп жіберетін кеудені 
Домбыраның құлақ күйін келтіріп, 
Шертпегенің, тартпағаның жөн бе еді.

Көп жүріппіз, жетер жол да аз қапты, 
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты. 
Үнсіз ғана қоштасып ек екеуміз,
Үнсіз қайта табысуға жазбапты.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Тұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем"" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен