ГлавнаяИсполнителиНұрсұлтан ТалғатұлыМ.Мұқағали "Сен мына"
название:

М.Мұқағали "Сен мына"


автор:

Нұрсұлтан Талғатұлы


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1224 просмотра
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ

Сен мына - жанарымның ішіндесің,
Жанардың білесің ғой кішірмесін.
Ішіне жанарыңның сақта мені,
Біреулер көлеңкесін түсірмесін.

Сен мына - менің тылсым кеудемдесің,
Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін.
Кеудеңе зынданыңа салып сақта
Біреулер көкпар қылып өңгермесін!

Сен мына тілімдесің, үнімдесің,
Білесің ғой тілімнің бүлінбесін.
Сен мені үніңе қос, тіліңе тұт
Үнім өшіп, үшкір тіл тілінбесін!

Сен мына - менің алып басымдасың,
Білесің ешкім де оны басынбасын,
Сен мені өз басыңмен бірге қорға
Біреулер зұлымдығын асырмасын!

Сен менің миымдасың!
Білесің, миым жатқа бұйырмасын.
Миыңның бір жеріне жасыр мені,
Қиылсын өмір солай…Қиылғасын!

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "М.Мұқағали "Сен мына"" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен