ГлавнаяИсполнителиЗаман дуэтiӨмір өзен
название:

Өмір өзен


автор:

Заман дуэтi


рейтинг: ★★★★★ / 5.2 / 1226 просмотров
Асып-тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай,
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алды-артын аңдамай
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды ортеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы
Kай жаfада калады?

Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Сағатты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, жаратқан.

Послушать/Cкачать эту песню
Mp3 320kbps на стороннем сайте
А как ты думаешь, о чем песня "Өмір өзен" ?
2010-2020 © WebKind.Ru Тексты песен